Күршімге апаратын көпір салына ма?
Бүгінгі «Алтай» телеарнасында өткен тікелей эфирдегі сұхбат барысында облыс әкімі Даниал Ахметовке Күршімге апаратын көпір жайында сұрақ қойылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Бұқтырма өзенінен өткізетін көпір мәселесі жыл сайын көтеріледі. Осы сұрақ шешім таба ма? – деді Күршім ауданынан хабарласқан көрермен.
– Сөзсіз бұл мәселенің шешімін табамыз. Жобаның сметалық құжаты дайын. Енді оған инвестор іздеп жүрміз. Осы мәселеге қатысты заңда аздаған кемшілік болғандықтан, үкіметке ұсыныс та жасадық. Мысалы, шет мемлекеттен келген инвесторлар бізден кепілдік сұрайды. Яғни біз оларға валюта бағамының кепілдігін беруіміз керек. Ал бұл жәйт заңда қарастырылмаған, – деп жауап берді аймақ басшысы. - Мәселелер шешілген соң, сөзсіз Күршімге апаратын көпір салынады.