Глубокое аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті
Сессия жұмысына аудандық мәслихаттың 13 депутаты, аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық бөлімдердің басшылары, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессияда мынадай мәселелер қаралды:
1. «2018-2020 жылдарға арналған Глубокое аудандық бюджет туралы» 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 18/2-VІ Глубокое аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. «2018-2020 жылдарға арналған Глубокое ауданының кенттер мен ауылдық округтер бюджеттері туралы» 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 19/2-VI Глубокое аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы
3. Жекеменшікке жер беру және (немесе) жер пайдалану жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
4. «2016-2020 жылдарға арналған Глубокое ауданының аумақтарын дамыту Бағдарламасын бекіту туралы» 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 41/7-V Глубокое аудандық мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
5. Облыстық ономастикалық комиссияға ұсыныстар енгізу туралы.
6. Глубокое ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы.
7. Глубокое аудандық мәслихатының кезекті жиырма жетінші сессиясының төрағасы туралы.
2018 жылға арналған кенттер мен ауылдық округтер, аудан бюджеттеріне енгізілген өзгерістер туралы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Большакова Светлана айтып берді, бюджеттік қаражаттарды сапалы игеру мақсатында бағдарламалар арасында қайта бөлу жүргізілді; аудан бөлімдерінің және Веселовка ауылдық округі әкімі аппаратының лимиттері нақтыланды; кенттер мен ауылдық округтер бойынша салықтық түсімдер нақтыланды.
«Жекеменшікке жер беру және (немесе) жер пайдалану жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» мәселесі бойынша аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Бүргенов Жігер Жанболатұлы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты жер комиссиясының жаңа дербес құрамы бекітуге берді.
«2016-2020 жылдарға арналған Глубокое ауданының аумақтарын дамыту Бағдарламасын бекіту туралы» 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 41/7-V Глубокое аудандық мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Большакова Светлана Владимировна айтып берді, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес ағымдағы жылы АДБ аналитикалық бөлігінеоңтайландыру жүргізілді, 2015-2017 жылдарға арналған мәліметтер енгізілді, 2018 жылға арналған жоспарлы маңызды индикаторға өзгерістер енгізілді.
«Ономастикалық комиссияға ұсыныстар енгізу туралы» мәселені аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Дарменқұлов Мейрамғали Қадырбайұлы ұсынды, ол Алтайский, Глубокое кенттерінде, Веселовка, Киров, Куйбышев, Опытное поле, Секисовка және Черемшанка ауылдық округтерінде көшелерді қайта атау жөнінде тұрғындар жиыны өткендігін хабарлады. Бірқатар көшелерді қайта атау бойынша қабылданған хаттамалық шешімдердің негізінде «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы»1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы заңына сәйкес, облыстық ономастикалық комиссияға ұсыныстар енгізілді.
Талқылап болған соң барлық шешімдер бірауыздан қабылданды.
«Глубокое ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» мәселесі бойынша берілген құжаттарды толық қарау үшін және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін қарап және жеке кәсіпкерлік субъектісінің мүүддесін қорғайтын нормативтік құқықтық актілерді қабылдау процедурасын сақтау үшін сессия жұмысына төрт күнтізбелік күн үзіліс жарияланды.
Глубокое аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма алтыншысессиясының жұмысы 2018 жылы 30 қарашада жалғастырылсын деген шешім қабылданды.