Венгрия қазақстандықтар үшін 250 грант бөліп отыр
Қазақстанның 250 талапкеріне Венгрия елінде білім алуына жағдай жасалды деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі bolashak.gov.kz сайтына сілтеме жасап.
ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Венгрияның адам ресурстарын қорғау министрлігі арасындағы 2013 жылғы 19 қарашасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес Венгрия Үкіметі Қазақстан азаматтарына 2019-2020 оқу жылына арналған «Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасына қатысуға мүмкіндік береді.
Осы бағдарлама аясында Венгриянын тарапынан Қазақстан азаматтарына келесі бағдарламаларға 250 грант бөлінген:
• бакалавриат бағдарламасы бойынша 110 орын (өнер, гуманитарлық, ауыл шаруашылығы, техникалық ғылымдар)
• магистратура бағдарламасы бойынша 90 орын (техникалық ғылымдар, ауыл шаруашылығы, өнер)
• бакалавриат және магистратураның бірлескен бағдарламасы бойынша 5-тен 6 жылға дейін оқу мерзімімен 30 орын (жалпы медицина, фармацевтика, стоматология, архитектура, заң, ветеринарлық хирургия, ауылшаруашылық саласындағы инженерия, сәулет саласындағы инженер)
• докторлық бағдарлама бойынша 20 орын (барлық бағытта)
Гранттар бойынша ақпаратты bolashak.gov.kz сайтынан оқи аласыз