Бесқарағай тұрғыны республикалық форумда үздік жетекші атанды
Айтулы жиынға аймақ атынан барған іскер жандардың арасында бесқарағайлық азаматшаларда табылды.
Форумның басты көздегені – 2030 жылға дейінгі белгіленген дамыту мақсаттарына ауыл әйелдерінің үлес салмағын арттыру, «Үшінші жаңғырту» міндеттерін, сол сияқты «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдасын іске асыру.
Шығысқазақстандық делегацияның құрамына ауылдық ҮЕҰ-дың өкілдері, ауыл әкімдері, басшылар және тағы да басқа сала мамандары кірді.
Алқалы топтың қатарында «Бірлік» ауылдық ҮЕҰ ресурстық орталығы» қоғамдық қоры жобаларының үйлестірушісі және «Сенім» шаруа қожалығының басшысы Сақан Әубәкірова қатысып, ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаевтың «Үкіметтік емес ұйымның үздік жетекшісі» құттықтау хатымен марапатталды.