KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 5 м/с, СБ
479.71 533.77 5.16

Нәзік жандардың «жасыл экономикаға» қосар үлесі қандай?

17.08.2014, 18:00 247




Өскеменде Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Махаббат Бекбосынова, Парламент Мәжілісінің депутаты Майра Айсина, Ресей әйелдері одағы Алтай өлкелік бөлімінің төрайымы Надежда Ремнева бастаған алтайлық делегацияның, Шығыс Қазақстан, Алматы, Павлодар, Қарағанды облыстары ауылдық округтері әкімдерінің қатысуымен «Әйелдердің «жасыл экономикаға» және «ЭКСПО-2017»-ге қосар үлесі» атты шекара-лық аймақтар форумы өтті. Форумға облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВ қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Кәсіпкер әйелдің күші екі есе көп


Еуразиялық экономикалық одақ аясында интеграциялық байланыстарды нығайту, шекаралас өңірлердің ынтымақтастығын дамыту, әйелдер қауымының «жасыл экономика» бағытында жұмыс істеп, жаңа кәсіп көзін ашудағы белсенділігін арттыру, олардың сол жобаларының «ЭКСПО-2017» көрмесіне қа-тысуына жол ашуға арналған форум әйел-тауар өндірушілер көрмесінің жұмысымен
басталды.

Облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВ «Алтай» технопаркінің қос қабатына қатар қойылған көрме өнімдері, оларды шығарып отырған шығысқазақстандық кәсіпкер қыз-келіншектердің жұмысы жайында Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Махаббат Бекбосыноваға жан-жақты әңгіме-леп берді.

«Қолданбалы және декоративті өнім-дер», «Ұлттық қолөнер бұйымдары», «Тамақ өнімдері», «Өнеркәсіп және құрылыс өнім-дері», «Экологиялық және арнайы технологиялар мен тауарлар», «Сервистік қызметтер» аталымдары бойынша топтастырыла
қойылған өнімдердің ішінде медициналық құрал-жабдықтар, кірпіш, шам, алаша, текеметтен бастап, бал, баспахана, тоқыма киімдер, кондитер өнімдеріне дейін бар.

«VASKANIA» шағын кәсіпорнын ашып, 20 адамды жұмыспен қамтып отырған семейлік Ирина Булутханованың тігіп жатқан былғары күртелері мен түрлі аң терілерінен жасалған тондары, Ұлан ауданы, Айыртау ауылындағы Гагарин атындағы орта мектептің технология пәнінің мұғалімі, шебер Жанымхан Кенжебазар мен оның шәкірттерінің үлкен талғаммен тігілген ұлттық киімдері мен тұскиіздері, талай жұртты тамсандырып жүрген Маралиханың балын алып жеткен Татьяна Ляпунованың, көрмеге қатысқан өзге де шығысқазақ-стандық қыз-келіншектердің қолымен, бас-қаруымен өндірілген өнімдер астаналық қо-нақтардың ерекше ілтипатына бөленді. Бірі «Жұмыспен қамту-2020», бірі «Биз-нестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша несие алып, мемлекеттен қолдау
көріп, өз кәсіптерін ашып қана қоймай, үйде әйел, ана, қарындас болып отырған олар отбасының ғана емес, Отанымыздың тірегіне айналып отыр.

Қос міндетті қатар атқарып, баласын тәрбиелеп, үйге де, түзге де өнеге болып, кә-сібін дөңгелетіп жүрген кәсіпкер әйелдің күші мен абыройы екі есе артық. Сондықтан әйел кәсіпкерлерге деген қолдау, көмек жергілікті жерлерде алдымен жасалуы тиіс іс-шараларға айналуы қажет.

– Өтіп жатқан шекаралық аймақтар форумы мен көрменің бәрі – президенттік бағ-дарламалардың, тапсырмалардың жұмыс істеп жатқандығының жарқын көрінісі. Соның ішінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары бар. Бұл кездейсоқтық
емес. Себебі, шағын және орта кәсіпкерлік – ел экономикасының іргетасы. Ал ол іргетасты осы саланың 66 пайызын құрап отырған әйелдер қалап келеді, – деп түйді өз ойын ұлттық комиссия төрайымы Махаббат Бекбосынова.

Форумға келген Қарағанды облысы, Абай ауданы, Южный ауылдық округінің әкімі Бақыт Икилеева Шығыс Қазақстанның ауылдық жерлерінде бір өзі бір шаруашылықты басқарып, кішігірім бизнеспен шұғылданып жатқан қыз-келіншектердің көп екенін естіп-көріп, өздерінде де осындай кәсіпкерлікпен шұғылданатын жандарды көбейтіп, кәсібін ашуға ұйтқы болсам деген ойымен бөлісті.


Табысқа жетудің тетігі – ынтымақтастықта



Көрмеден соң шекаралық аймақтар форумына қатысушылар «ЭКСПО-2017-ге» қатысу және «жасыл экономика» аясында-ғы тақырыптар мен жобаларды талқылады.

Нәзік жандардың «жасыл экономикаға» қосар үлесі қандай?


«Шекаралық аймақтар ынтымақтастығын дамытудың жаңа мүмкіндіктері», «ЭКСПО-2017» үшін «жасыл» іс-тәжірибелер мен жобалар», «Шекаралық аймақтардағы кәсіпкер әйелдер ынтымақтастығын дамыту» тақырыптарын қамтыған пленарлық оты-рыстардың алғашқысын ашқан облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВ:

– Әйелдер істері және отбасылық-демо-графиялық саясат жөніндегі ұлттық комис-сияның форумды өткізуге Өскеменді таң-
дап алғаны үшін алғыс айтқым келеді. Сіздер кездесу тақырыбын өте дұрыс таңдап алғансыздар. Өмірде әр адам үшін ең маңыздысы – денсаулық. Ол таза ауа мен таза суға байланысты. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ экологиялық мәселелерге айрықша мән беретіндігі тектен-тек емес. Әйелдердің экологияға қатысты осындай өзекті мәселе көтеріп жатуы ерлердің бұл бағыттағы жобалардың маңыздылығы туралы ойлануына түрткі болуы керек, – деді.

Форумға қатысушыларға облыстың, өңір ғалымдарының, тұрғындарының «ЭКСПО-2017» көрмесіне қосар үлесі, жасап жатқан әзірліктері, облыстағы іскер, басшы әйелдердің сәтті жүзеге асырып жатқан әлеуметтік жобалары жайында әңгімелеген облыс әкімі алдағы қыркүйек айында Өскеменде Шығыс Қазақстан әйелдерінің форумын өткізу жоспарланып отырғанын жеткізді.

– Облыста үш жыл қатарынан «Мейірім» акциясы өткізіліп келеді. Сол арқылы демеушілер жетім балаларға үй алуға бастапқы жар-
наны жинап беруде. Бүгінде мұндай қайы-рымдылық көмегімен екі мыңға жуық ата-анасыз қалған жетім бала қамтылып отыр. Мүгедек балаларды да қашықтықтан оқытуға барынша қолдау, көмектер көрсетіліп жатыр. Біз балалар үйінің санын көбейтпеуіміз керек. Қыркүйекте Шығыс Қазақстан әйелдерінің форумын өткізуіміз қажет. Онда балалар үйі-нің мәртебесін өзгертіп, отбасы ұлттық академиясын құру мәселелерін талқыламақпыз. Өз бастамаларымызбен Үкіметке шықпақпыз. Осы форум барысында айтылған барлық ұсы-ныстарды қарауға әзірміз, – деді облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВ.

Президент жанындағы «жасыл экономи-каға» көшу жөніндегі кеңестің мүшесі Салтанат Рақымбекова форумда Шығыстың әлеуметтік, экономикалық бастамаларын қуаттап, облыстан үйренетін тәжірибе көп екенін ерекше атап айтты.
– Барлық жаңа трендтердің қасиетті Шығыс Қазақстан жерінде қанаттанып, бастау алатыны қуантады бізді. Сіздерден үйренетін
нәрсе көп. Мамырда Өскеменде «Өскемен ЭКСПО-2014» көрмесі өтті. Біз еліміздің бар-лық облыстарына осындай шараны өздерінде өткізу туралы хат жаздық. Барлық аймақтар-дың жиынтық көрмесі 2015 жылдың мамырында Астана қаласында VІІІ экономикалық форум аясында өтетін болады. Мұндай көрмелер әйелдерге экологиялық жобалар жасауға қатысып, өз күштерін сынау үшін мол мүмкіндіктер туғызады. Бүгінгі форум барысында таныстырылған тәжірибелер «жасыл» іс-тәжірибелерді өз бизнесіне пайдалануға
жол көрсетеді. Солардың ішінде туризм сала-сының болашағы зор. Шығыс Қазақстанда үш перспективалы участок бар: Рахман қайнарлары, Катонқарағай ауданы және Батыс-Алтай қорығы. Бұлар «ЭКСПО-2017» көрмесіне әр елден келетін қонақтарды
апаруға арналып бекітілген тізімнің ішіне енгізіліп отыр, – деді ол.

Яғни, біздің облыстың кәсіпкер әйелдеріне бұл өңірлерде сервистік қызметтер көрсетуге, ұлттық тағамдар, ұлттық қолөнер бұйым-дарын жасап, шығаруға, сауда-саттықты ұйымдастыруға, демалысқа қажетті өзге де кәсіп көзін ашуға, сөйтіп, өз кәсібін құрып, жетілдіруге жағдай туады.

Алтай өлкелік әйелдер кеңесінің төрайы-мы Надежда Ремнева Алтай өлкесінде турис-терге қызмет көрсететін, қонақтарды күтуге лайықталған арнайы үйлер желісі жұмыс істеп жатқанын, Алтай өлкесінде жүргізіліп жатқан «Таза үй, ауыл, қала» акциясының да берері көп екенін, нәтижелі жұмыс істеу үшін ынтымақтастықты арттыра беру қажет-тігін айтып, кәсіпкерлікпен айналысушы нәзік
жандардың бизнесін дамытудағы өз тәжіри-белерімен бөлісті.

Пленарлық сессиялар кезінде Шығыс Қазақстанның іскер әйелдері: «Өскемен ТМК» АҚ президенті Әсел Мамытова, 2013 жылдың үздік кәсіпкері Зоя Новолодская, Өскемен сыра зауытының директоры Тамара Карпенко, «Семена масличных» шаруа қожалығының жетекшісі Людмила Цыбенко, тағы да басқалар әйел кәсіпкер-лердің бизнесті басқаруы, табыстары мен кә-сіпкерліктегі проблемалар туралы өз ойларын жеткізді. Кәсіпкерліктегі кедергілерді жойып, мемлекеттік құрылымдар мен қаржы қорларының жұмысын жүйелі жүргізіп, өзара ынты-мақтастық байланысты нығайту үшін биыл облыс аудандарының бірінде кәсіпкерлер
үйін ашу көзделініп отыр.


Өркениеттілігіміз ұлттық құндылықтарымызбен бағаланады



Форум жұмысын қорытындылаған облыс әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаев Ресей мен Қазақстан Президенттерінің, күні кеше ғана екі елдің Сыртқы істер министрлерінің кездесіп, келелі кеңес өткізген, маңызды құжаттар қабылдаған, өзге де алқалы жиындардың өткен жері болып отырған Өскеменде ұйымдастырылған бүгінгі форумның ынтымақтастық пен іскерлікке
бастайтын тағы бір нәтижелі шара болатынына сенімін білдірді. Қай елдің, қай ұлттың болмасын өркение-ті, дамығандығының белгісі, болашағының бастауы ұлттық құндылықтарында екендігі аян. «ЭКСПО-2017-ге» келген миллион-даған қонақтардың да ең алдымен іздейтіні – қазақтың бітім-болмысы, салт-дәстүрі. Елімізде қолөнер қайта қолға алынып, жаңғырды дегенімізбен, ұлттық киімдерімізді киіп, тағамдарымызды пісіріп жүрген жан аз.

Форум соңында Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жанындағы «Отбасым» ұлттық құндылықтар орталығының мүшелері қазақстандық танымал дизайнер Айдархан Қалиевтің нео-фольклорлық топтамасы бойынша күнделікті өмірге бейімделіп тігілген қазақтың ұлттық нақыштағы киімдерінің үлгісін көрсетті.Ұлттық нақыштағы алуан түрлі қамзол, көйлек, бешпеттерді сәні мен мәніне қарай кез келген уақытта киюге болады. Көрсетілім ұлттық киім тігумен айналысып жүрген кәсіпкерлерге өз өнімдерін жаңалап, оларды бүгінгі сұранысқа сай етіп тігуге көп септігін тигізері сөз-сіз.

Орталық мүшелері «Ұмыт қалған ұлттық тағамдар» тақырыбында әзірлеп әкелген қазақтың быламық, жаужүрек тәрізді жеті көне ұлттық тағамдарының үшеуі біздің Катонқарағай ауданының тұрғындары ұсынған тағамдар болып шықты.


Жанаргүл Мұқатай

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив