Түркияда үш ай визасыз жүруге болады
Қазақстандықтар енді Түрік елінде 90 күн бойы визасыз жүре алады. Осыған дейін визасыз режимнің мерзімі 30 күн болатын, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Визасыз режим мерзімінің ұзартылуы жөнінде Anadolu агенттігі мәлім етті.
Жаңартылған тізімге Өзбекстан мен Тәжікстан да кіріп отыр.
Сондай-ақ, естеріңізге сала кетсек, Тайландқа осы жылдың соңына дейін виза тегін.
Жалпы қазақстандық паспортпен әлемнің 76 еліне визасыз баруға болады. Қазақстан Henley & Partners паспорттар Индексінде 69-шы орында тұр. Көршілес Ресей 47-ші орында екен, ресейліктер 119 елге визасыз бара алады. Аталмыш Индексте ең рекордты көрсеткішке Жапонияның паспорты ие. Жапондықтар үшін әлемнің 190 елінде визасыз режим орнатылған.