KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 6 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

Тайландқа екі ай визасыз баруға болады

19.10.2018, 09:23 103

Қазақстандықтар Тайландқа визасыз бара алады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Тайланд Үкіметі екі ай мерзімге 21 елдің азаматтарына виза үшін төлемді алып тастамақшы. Олардың қатарында Қазақстан да бар.


Осы жылдың қараша және желтоқсан айларында Тайланд Патшалығына келгенде виза үшін ақша төлемейді. Бұл шара елде туризмді ынталандыру мақсатында ұйымдастырылып отыр екен.  Себебі соңғы жарты жылда Тайландқа туристердің легі азая түседі деген қауіп бар көрінеді.


Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың шілде айында Пхукетте кеме апатқа ұшырап, көп адамдар қаза тапқан еді. Бұл өз кезегінде туристердің үрейін туғызуы мүмкін. Ал елдің экономикасында туризмнің атқаратын рөлі өте зор.


Тайландқа визаның құны - 2000 бат, бұл біздің валютамен 22 мың теңге.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив