Шығыстық кәсіпкерлерге құжат дайындауға «келісімшарт конструкторы» көмектеседі
Шығыстық кәсіпкерлер «Келісімшарт конструкторының» көмегімен еш қиындықсыз және уақыт шығынсыз заңды шарттар мен актілер дайындайтын болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы Қазақпарат мәлімдеді. ШҚО-да «Атамекен» өңірлік Кәсіпкерлер палатасында жүзден астам дайын құжат үлгісі дайындалыпты. Палата директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Динара Мұхамеджанованың айтуынша, онлайн-сервис уақыт пен ақшаны үнемдеуге көмектеседі.
– Сервис бірінші кезекте жаңадан іс бастаған кәсіпкерлер үшін қажет. Көптеген адамдардың қызмет барысында қандай да бір құжаттарды қалай дайындау керектігін білмейтіндігі құпия емес. Кеңес алу үшін уақыт жоғалтады. Ал бұл жерде келісім-шартты сауатты жасауға көмектесетін дайын конструктор «көмекке келеді». Өйткені, бизнес шарттарда келіспеушіліктер орын алуына байланысты адамдардың бір-бірімен дауласқан жағдайлар аз емес, – дейді Д. Мұхамеджанова
Заңгер сервистің бірегейлігі – кәсіпкер вариативті блоктарды қосып, құжаттарды өз қажеттілігіне қарай «құрастыра алады». Сондай-ақ контрагенттердің тарихы мен деректемелерін сақтай алады. бұл одан әрі толтыру кезінде уақытты қысқартады. Дайын құжаттардан басқа сервисте азаматтық, еңбек, қылмыстық құқық, бухгалтерлік есеп саласындағы тәжірибелі сарапшылардың 500 дайын консультация бар. Сонымен қатар сервиске кәсіпкерлік мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың 10 000 жауабы енгізілген.