KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 4 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

Қазанның аяғында +28 градус жылы болады

24.10.2018, 06:30 163

Синоптиктер 25-27 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі,


«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде жылы және жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.


«Қазақстанның батысына Поволжья аудандарынан атмосфералық фронттар жылжиды, олар жауын-шашын, әсіресе жаңбыр және ауа температурасының төмендеуін тудырады. Республиканың қалған аумағында жақын арадағы екі тәулікте антициклон сақталады, ол жылы және жауын-шашынсыз ауа райын ұстап тұрады. Максималды ауа температурасы плюс 8…15 градус, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста плюс 18…23 градус, кей жерлерде плюс 28 градус дейін болады деп күтіледі. Тек 27 қазанда солтүстік, орталық және оңтүстік облыстарда атмосфералық фронттардың келуімен кей жерлерде жаңбыр жаууы мүмкін» - деп жазылған «Қазгидромет» хабарламасында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив