KZ
Өскемен
-6°
переменная облачность жел 5 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Алтай қаласында қоқыс шығару мәселесі шешімін табады

фото: depositphotos.com

6.05.2024, 09:10 176

Алтай қаласының тұрғындары қоқыстың уақтылы шығарылмауына және бұл қызметтің сапасыз атқарылуына жиі шағымданады. Жергілікті билік мәселені шешу жолдарын қарастыруда.

Наурыз айында қоқыс шығарушы кәсіпорын тұрғындардың бір бөлігі қызмет ақысын төлемеуі себепті компанияның шығыны табысынан айтарлықтай асып кеткенін алға тартып, өз міндеттемесін орындаудан бас тартқан, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Қоқыс шығаратын компанияны анықтау үшін бірнеше рет байқау өткізілген. Бірақ жергілікті кәсіпкерлердің ешбірі қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысуға ниет білдірмеген.

Мамырдың 6-сы күні тағы да конкурс өтеді. Әлеуетті мердігерлерді тарту үшін тіпті қаладағы қоқыс жинау және шығару қызметінің тарифін көтеру де көзделіп отыр. Бірақ бұл мәселе қоқыс шығарушы компанияның табыстылығына тиісті сараптама мен есеп-қисап жүргізілгеннен кейін тек монополияға қарсы заңнама аясында шешілетін болады

Сондай-ақ тұрғындар арасында қызмет көретуші компаниямен келісімшарт жасау қажеттігі турасында түсіндіру жұмысы жүргізіледі.

Жалпы Алтай қаласында 68 қатты тұрмыстық қалдықтар жинау алаңы бар, ол жерлерге 263 контейнер қойылған. Биыл қосымша тағы 14 алаңды жөндеп, 60 қоқыс контейнерін орнату жоспарда бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу