KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды

Фото: ҚР ҒжЖБМ баспасөз қызметі

6.05.2024, 11:11 123 Айжанат Бақытқызы

Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды, ол 14 мамырға дейін жалғасады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ұлттық тестілеу орталығы баспасөз қызметінің ақпараты бойтынша, негізгі ҰБТ 16 мамырда басталып, 5 шілдеге дейін жалғасады.

Ал төтенше жағдай режимі жарияланған 6 өңірде (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары) тіркелу уақыты 20 мамырға дейін ұзартылады, ал ҰБТ 25 мамыр мен 12 шілде аралығында өтеді. 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешімі бойынша осы жылы талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алады.

Талапкерлер тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдайды. Бұл ретте олар екі мүмкіндік үшін бейіндік пәндердің бір ғана комбинациясын белгілейді.

ҰБТ-ға қатысу үшін Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайты немесе UTO қосымшасы арқылы тіркелуге болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив