KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
443.16 480.39 4.94

Ұлан ауданындағы ең таза ауыл анықталады

Ұлан ауданының ішкі саясат бөлімінен
Ұлан ауданының ішкі саясат бөлімінен
5.05.2024, 17:00 79 Назерке Каримова

"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында Ұлан ауданында "Таза ауыл" байқауы жарияланған.

Ауданда 16 ауылдық округ және 45 елді мекен бар, деп хабарлайды Altainews.kz  тілшісі.

Байқауға барлық елді мекен белсенді қатысуда.

6 мамырға дейін созылатын байқау қорытындысы бойынша Ұлан ауданындағы ең үздік, ең таза ауыл анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады. Айта кету керек, байқау барысында өңірдегі арықтар мен каналдарды тазалау, абаттандыруға баса назар аударылады.

– "Таза ауыл" байқауы – аудан, ауыл тұрғындарын тазалыққа шақыратын, туған өлкені жасыл желекке айналдырып, табиғатты аялауға және экологияның жақсаруына өз үлесін қосатын әлеуметтік маңызы бар ерекше жоба. Соңғы жылдары ауылдарда абаттандырылған аулалардың қатары көбейген. Бұл әрине жыл сайын өткізіліп келе жатқан осындай игі шаралардың нәтижесі. Мұндай байқаулар ауылдың тыныс-тіршілігін жандандырып, санитарлық тазалығын жақсартуға үлкен септігін тигізеді. Өйткені әрбір тұрғын тұрғылықты жерін, көшесін таза ұстаса, ауылдары гүлденіп, көркейе түспек. Қазір біз арнайы комиссия құрып, ауылдарды аралап тұрғындардың байқауға қатысу қарқының тексерудеміз, - дейді Жастар ресурстық орталығының басшысы Серік Асқабылов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив