KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
443.16 480.39 4.94

Президент елдің православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады

Akorda.kz

5.05.2024, 11:00 64 Назерке Каримова

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мейрам – мейірімділік пен ізгіліктің көрінісі екенін атап өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

- Мереке кезінде діндар қауым зор қуанышқа кенеледі, болашағы жарқын боларына сенімі артады, - деді Мемлекет басшысы. - Жалпыұлттық мәдени кодымызбен берік сабақтасып жатқан Пасха дәстүрлері жұртты жасампаздыққа жетелейді. Сондай-ақ мұқтаж адамдарға көмектесуге, жақын жандарға жанашырлық танытуға шақырады.


Президент православ қауымының қоғамда өзара түсіністік пен келісімді сақтауға, бірлік және тілеулестік сияқты басты құндылықтарды орнықтыруға зор үлес қосып келе жатқанын айта кетті.

- Біз халқымыздың қайсарлығы мен ынтымағының арқасында барлық қиындықты еңсереміз. Әділетті Қазақстанды құру үшін биік белестерді бағындыра береміз, - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. - Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив