ШҚО еріктілері Тайынтыда 20 мың көшет екті
Ұлан ауданының Тайынты ауылы маңында 20 мың көшет егілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында еріктілердің бастамасымен Тайынты ауылын көгалдандыру жұмыстары жалғасын табуда. Мұнда бүгін облыстың аудан-қалаларынан, атап айтсақ Өскемен, Риддер қалаларынан, Ұлан, Губокое, Алтай аудандарынан барлығы 200-ге жуық адам жиналды.
Облыс бойынша жыл соңына дейін 29 млн көшет отырғызылмақ.
Айта кетейік, әлем бойынша экожүйені қалпына келтіруге атсалысып жүрген экоблогер Алексей Сибирский ағаш отырғызу бойынша әкімдікке ұсыныс жасаған. Ұйымдастыру жұмысын әкімдік жүргізген. Отырғызылған көшеттердің күтімімен жергілікті орман шаруашылығы айналысады.