KZ
Өскемен
-25°
переменная облачность жел 2 м/с, С
518.14 537.57 5.27

"Қазақтелеком" акционерлері Tele2 және Altel бойынша шешім қабылдады

Фото: netoly.ru

4.05.2024, 23:11 187 Анель Слямғазықызы

"Қазақтелеком" акционерлері "Мобайл Телеком-Сервис" акцияларының 100 пайызын сату туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Altainews.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Казақтелеком" АҚ "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС қатысушыларының құрамынан "Қазақтелеком" АҚ тиесілі "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС қатысу үлесінің 100 пайызын Power International Holding (PIH) (немесе PIH меншігіндегі 100 пайыз еншілес компания) пайдасына сату арқылы шығады", - делінген KASE Қазақстан қор биржасында жарияланған хабарламада.

Дауыс беру қорытындысы бойынша шешім қабылданды: қолдап 8 655 586 дауыс берілді, 6 632 қарсы дауыс берілді, 95 772 - қалыс қалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу