KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Жедел жәрдемнің жұмысында қандай өзгерістер орын алды?

17.10.2018, 13:12 76

Елімізде жедел медициналық қызметті жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Оның нәтижелері туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева мәлім етті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы бойынша, былтыр шақыртулар төрт санатқа бөлінген болатын. Оның алғашқы үшеуі адам өміріне қауіп төніп тұрған жағдайларда белгіленеді. Осыған орай, бірінші санаттағы шақыртуға 10 минут қана берілген, яғни осы уақыт ішінде жедел жәрдем науқасқа жетуі тиіс. Екіншіде – 15 минут, үшіншіде – 30 минут. Ал төртінші санатқа созылмалы сырқаттардың қозуы бойынша шақыртулар жатқызылды. Бұл санаттағы шақыртуларға медициналық жәрдемнің келіп жетуі 60 минутқа дейін ұзартылды.


Осы шаралардың арқасында республикада шақыртулардың саны 6,1%-ға азайған екен. Жедел жәрдемнің жету жеделдігі де жақсара түсіпті.


Сонымен қатар, ауыл халқының медициналық қызметке қолжетімділігі жетілдіріліп, Жедел жәрдем станцияларының медициналық құрал-жабдықпен қамтамасыз етілуі артып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив