KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Өскемендегі жедел жәрдем бекеттерінде көліктер жетіспей жатыр

7.08.2019, 11:11 111

– Облыс орталығындағы жедел жәрдем бекеттерінде көліктер жетіспеушілігі жиі байқалады, шақырған жерге кешігіп келеді. Аталмыш көліктер қала шетіндегі саяжайлық аумақтарға да баруға тиіс екен. Ал жаны қыл үстінде тұрған науқас үшін әр минут, әр секунд аса қымбат екені белгілі ғой. Мәліметтерге сүйенсек, қалада 22 көлік бар болса, іс жүзінде керегі 34 көлік дейді. Оның үстіне жедел жәрдемдегі дәрігерлер де кәсіби маман бола тұрсақ та, күні-түні шақыртуларға шапқылап жүрсек те жалақымыз өте аз, күн режиміміз, жұмыс тәртібіміз нақтыланбаған деп шағым айтады. Аталған өзекті мәселелер қалай шешімін таппақ?

Оразбек Қалитанұлы,
Согра кенті,
Өскемен

Сауалға облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан жауап береді:

– Мен жедел жәрдем қызметінің жұмысымен етене таныспын, өзім де студенттік кезімде сонда істегенмін. Театр киім ілгіштен басталса, денсаулық сақтау саласы да осы жедел жәрдемнен басталады. Ауырған адам бірінші соған хабарласады. Көп ретте тұрғындар сәл ауырса болды, жедел жәрдем шақырады, тіпті қан қысымы, дене қызуы сәл көтерілсе де. Мысалы, былтыр Нұр-Сұлтан қаласында бір адамның бір айда жүзден астам жедел жәрдем шақырған фактілері тіркелген. Тексере келгенде әлгі адамның дәрігер белгілеп берген дәрілерді ішпеуі, ауруханаға бармауы салдарынан қайта-қайта қан қысымы көтерілгені белгілі болған. Жедел жәрдем бірінші кезекте адам өміріне шын мәнінде қауіп төніп тұрған күрт шақыртуларға барады. Ал жаңағы төртінші санатқа жататын дене қызуы секілді жеңіл шақыртуларды жергілікті емхананың дәрігерлері қарап, емдеуі тиіс. Егер шақырудың бәріне бара берсе, жедел жәрдем әрине жетіспейді, түсініспеушілік содан туындайды. Науқас дәрігер берген ұсыныстарды күнделікті орындайтын болса, жедел жәрдемге жүгінбейді, жүктеме де азаяды.

Қазір жаңа министрдің №450 бұйрығы бойынша салада үлкен өзгерістер орын алуда, жаңашылдықтар енгізілуде. Наразылыққа тағы бір себеп, ол бекеттегі көліктер жағдайы. Олардың көбі бұрынғы ескі көліктер, заман талабына сай дей алмаймыз, алайда, шама келгенше жыл сайын жаңалап жатырмыз. Облыс әкімінің қолдауымен мәселені шешу үшін Семейдегі «Семаз» зауытынан медициналық жедел жәрдем көрсететін көліктің үш түрін қарап шықтық. Биыл облыс көлемінде 150-ге тарта көлік алуды жоспарлап отырмыз. Келер жылы да бұл іс жалғады, қаржы табылса, көліктерді жүз пайыз жаңалаймыз.

Ал дәрігерлерге еңбекақы төлеуге келсек, айтарым біреу. Мемлекеттік тұрғыда республика бойынша бекітілген бірыңғай тарификатор деген бар, сол бойынша төленеді. Одан ешкім асып кете алмайды. Ол мемлекеттік заңнама арқылы бекітілген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив