KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Жедел жәрдемнің көмекке  жетуі қиындады

12.03.2018, 10:02 90

Күн райындағы күрт өзгеріс көлік қозғалысына көп-көрім кедергі келтіріп жатыр.Әсіресе жедел жәрдем көліктері діттеген жерлеріне жете алмай әуреленуде.  Өйткені олар үй аулаларындағы еріп жатқан қасат қар суына белшесінен батып қалады.


Жедел жәрдем қызметкерлерінің айтуынша, осы маусымда үй аулаларымен жүріп тұру қиынның қиыны. Жеке секторлар мен саяжай аудандарына жету тіпті  мүмкін емес көрінеді.  Көмекке қосымша көлік шақырғанымен, оның да жолда батып қалмасына кепіл жоқ.




-Әсіресе соңғы екі күнде жағдай ушығып кетті. Қала тұрғындарына айтармыз үй аулаларын көліктерімен бітеп тастамаса екен. Сонымен қатар аса қажеттілік болмаса  реанимобиль көліктерін  ретсіз шақыртпаса дейміз. Ішімдік ішіп ап ауырып немесе жай ғана ыстығы көтерілгені үшін әуреге салып қоятындар болады.  Бұндай жағдайларда тым болмаса телефон арқылы кеңес алуға болады деп ойлаймын-дейді Жедел медициналық көмек көрсету ауруханасы емдеу бөлімі бойынша орынбасары Гүлнәр Текиманова.

Барлық тұрғындарға өздері тұрып жатқан аулалардағы жағдайға көңіл бөлсе  деген өтініш бар.  ПИК-не ауладағы жолдарды тазалап, құм себуге кеңес беріледі.  Өйткені жедел жәрдем бригадасы үшін әр минут санаулы әрі қымбат.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив