KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность Штиль
479.05 534.57 5.17

Қос Алтайды байланыстыратын жол салынбақ

8.10.2018, 05:10 165

Шығыс Қазақстан облысы мен Ресей Федерациясындағы Алтай Республикасын байланыстыратын жол құрылысы туралы мәселе талқылануда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі  ҚР-ның Ресейи Федерациясындағы Елшілігінің ресми сайтына сілтеме жасап.


Бұл туралы Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы консулы Қонысбек Жүсіпбековтің Алтай Республикасына барған іс-сапары барысында белгілі болды. Аймақ басшысы Александр Бердниковтың айтуынша, Алтай елі шекаралас Шығыс Қазақстан облысымен серіктестік орнатып, сәйкес келісім жасалғаны жөнінде мәлім етті.


Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта қазақстандық Алтай мен ресейлік Алтайды байланыстыратын жолдың құрылысы талқыланып жатқаны туралы да хабарлап отыр. Жол салынғаннан кейін қос аймақтың арасындағы сауда-экономикалық, туристік және басқа да саладағы ынтымақтастық күшейе түспек.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив