KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 0,8 м/с, СБ
480.5 534.22 5.18

Азаптау мәселесі өзекті күйінде қалып отыр

Бүгін, 19:00 4 Айжанат Бақытқызы

Өткен жылы  істі болғандарды қинау және азаптау фактілері бойынша Өскемен қалалық полиция басқармасының үстінен 14, Үлбі полиция бөліміне 10, Ертіс полиция бөліміне 7, Сол жағалау полиция бөліміне екі және облыстық  полиция департаменті мен есірткімен күрес басқармасына бір-бірден шағым түскен. Бұл жайында Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасында «Азаптаудың алдын алудың өзекті мәселелері» тақырыбында ұйымдастырылған  форумда белгілі болды, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі. 

Шығыс Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары Мейрам Таутенов Мемлекет Басшысы азаптаумен күресте жүйелі тәсілді енгізу маңыздылығына тоқталып, осы бағытқа жауапты ретінде прокуратура органдары бекітілгенін айтты. Айта кету керек, бұдан былай азаптау фактілері бойынша барлық қылмыстық істерді еліміздің арнайы прокурорлары тергейтін болады.
"Халықаралық нормалардың болуына қарамастан, қатыгездік көрсету жағдайлары әлі де кездеседі, азаптау мәселесі өзекті күйінде қалып отыр", - деп атап Мейрам Таутенов.

Облыстық прокуратураның 4-ші басқармасы бастығы Дархан Мұстафин өз баяндамасында былтыр қинау, азаптау бойынша ең көп шағым түскен органдарды айтты. Мәлім болғандай, істі болғандардан өткен жылы Өскемен қалалық полиция басқармасының үстінен 14, Үлбі полиция бөліміне 10, Ертіс полиция бөліміне 7, Сол жағалау полиция бөліміне екі және облыстық  полиция департаменті мен есірткімен күрес басқармасына бір-бірден шағым түскен.


Форумға құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері,  судьялар мен адвокаттар, адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілі, сарапшылар қатысты. Қатысушылар азаптаулардың алдын алу шараларын, жауапкершілік мәселелерін және адам құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру қажеттілігін талқылады. 

                                                                                                                                                      Айна Ескенқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив