KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность Штиль
480.5 534.22 5.18

Абьюзерлерге де көмек керек

Бүгін, 18:15 1 Айжанат Бақытқызы

Шығыс Қазақстанда гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алуға үйрететін семинар өтті. Оған Өскемен қаласының жергілікті полиция, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызметтер және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысып, гендерлік зорлық-зомбылыққа ведомствоаралық ден қою қағидаттары мен тетіктерін үйренуде, - деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

7 жыл көлемінде Түркістан облысында зорлық-зомбылық жасаған адамдармен (абьюзерлермен) жұмыс істеу алгоритмдерін қалыптастырған Біріккен ұлттар ұйымының Халықты қоныстандыру саласындағы қоры өз тәжірибелерімен бөлісті.

"Жұмысымызды бастаған кезде қазіргі Түркістан облысында отбасыларды қолдайтын крисизтік орталықтар өте аз болды. Осы уақытқа дейін біз олардың санын біраз көбейттік. Қазір тіпті аудандарда да отбасыларға қолдау көрсететін, білікті мамандары бар орталықтар бар. Олардың барлығы мемлекеттік мекемелермен бірлесе отырып жұмыс жасайды. Сондықтан біз осы уақытқа дейін қол жеткізген оңтайлы нәтижерімізбен еліміздегі 7 облыспен бөліскелі отырмыз",  - деді БҰҰ Халықты қоныстандыру саласындағы қордың ұлттық кеңесшісі Сағадат Сабитова.

Шығыс Қазақстан облысында үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттің қолдауымен біраз жыл көлемінде отбасыларға, аналар мен балаларға қол ұшын созумен айналысып келеді.

"Қазіргі  қоғамда психологиялық, экономикалық зорлық-зомбылыққа ұшырап жатқан көптеген әйелдер, балалар бар. Бүгінгі тақырып соның төңірегінде өрбуде. Біздің орталық 5 жылдың көлемінде көпбалалы отбасылармен жұмыс жасап келеді. Біз мемлекеттің барлық органдарымен бірлесе жұмыс атқарудамыз. Білім саласы, денсаулық саласы, құқық қорғау органдарымен меморандум жасастық. Барлық мемлекеттің мекемелер бізге көмектесуге, бізбен жұмыс істеуге ашық. Сондықтан бұл семинардан мен жаңашылдық алғым келеді. Қазіргі біздің қазақ қоғамында өз кемшілігін айта алмайтын ер кісілер бар. Мен сол ер адамдарды отбасыларды қолдау орталықтарына өздігінен келтірудің алгоритмін біліп, үйренгім келеді", - деп атап өтті семинар қатысушысы "Жан ана" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Гүлжамал Бершимбекова.

Гендерлік зорлық-зомбылыққа ведомствоаралық ден қою қағидаттарын үйрететін бұл семинар 3 күнге созылмақ. Семинардан кейін, қатысушылар ватсап әлеуметтік желісінде 3 ай көлемінде кеңес алып, жұмыстарының нәтижелерімен бөлісе алады.

Естеріңізге сала кетейік, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген әрекеті үшін жауапкершілікті күшейтуге, отбасы институтын нығайту және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сәуір айында "Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы Заңына" қол қойған болатын. Аталмыш заң аясында еліміздің әр өңірінде отбасы құндылықтарын насихаттау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында түрлі шаралар өткізілуде.


                                                                                                                                                 Ақерке Рағызбаева

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив