Қазақстанның атом саласында тәжірибесі бар
Фотосурет ғаламтордан алынды
Бүгінгі таңда Қазақстанда 3+ буынды реактор салу жоспарланып отырғаны мәлім.
АЭС құрылысын бақылау және қадағалау қалай жүзеге асырылатыны көпшілікті алаңдататыны заңды. Станция құрылысы барысында және оны пайдаланған кезде қандай қауіпсіздік шаралары қарастырылғаны жайлы ғылыми орталық басшысы айтып өтті.
“Елімізде ядролық технология саласында жоғары деңгейде дамыған ғылыми-техникалық инфрақұрылым бар. АЭС қауіпсіздігі бойынша Ұлттық ядролық орталықтың зерттеу нәтижелері Жапония, Франция және Ресейде атом энергетикалық станцияларын жобалау және пайдалану кезінде қолданылып келеді. Бірақ атом энергетикасына қоса ҚР Ядролық физика институтының зерттеулері де белгілі. Бұл атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдаланудың көптеген бағыттары бойынша тек іргелі зерттеулер саласында ғана емес, сондай-ақ бірқатар қолданбалы зерттеулер үдерісінде де жұмыс жасайды. Сонымен қатар ҰЯО секілді атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында кадрларды даярлау бойынша белсенді жұмыс атқарады. Жалпы еліміз атом энергетикасымен жаңадан танысып жатқан жоқ. Республикада қазіргі уақытта үш зерттеу атом реакторы - екеуі Ұлттық ядролық орталық базасында және біреуі Ядролық физика институты базасында жұмыс істеп тұр”,- дейді “ҮМЗ” АҚ ғылыми орталығының жетекшісі, физика-математика ғылымдарының докторы Манарбек Қылышқанов.
Қуаныш Рахметоллаұлы