KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 0,6 м/с, СШ
480.63 535.13 5.27

Шалғайдағы шекара заставаларының жағдайы алаңдатады

22.08.2018, 11:42 196

Өскемендегі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты 2034 әскери бөлімінде болып, әскери қызметкерлермен кездескен Мәжіліс депутаты Құдайберген Ержан осылай деп мәлімдеді.


Мәжіліс депуттары ел аралап жүр. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Құдайберген Ержан облысымызда 8 күн болып, 15 шекара заставасын аралап көрмекші.


– Шалғайдағы шекара заставаларының инфрақұрылымы нашар деп естідім. Енді өзім барып, заставалардың жай-күйімен таныспақшымын. Жалпы осы сапарымда әскери бөлімшелердің материалдық-техникалықбазасын, шекарашылардың тамақтануын, киім-кешегін, баспанасын, жалпы әлеуметтікмәселелерін жіті анықтап шығуды мақсат етіп отырмын, – дейді халық қалаулысы.


Депутаттың айтуынша, бұрын Астанадан келген депутаттарға тек жағдайы жақсы бөлімшелер көрсетіліп келген. Ол Зайсан, Күршім, Тарбағатай сияқты өңірлердегі проблемалық өңірлерге бармақ ниетте.


–Мәселелерді өз-өзімізден жасыруға болмайды. Менің ойымша, әскери азаматтардың жағдайы болмаса қызметі де мандымайды. Ал олар – Отан тыныштығының күзетінде жүргендер,– дейді Құдайберген Төлепұлы.


Кездесу барысында 2034 әскери бөлімі бастығының орынбасары Ринат Сәменов бірнеше мәселелерді алғатартты. Ол Үбі, Шемонайха, Бүркіт, Қарағайлы, Борас кешенді заставаларының құрылысы басталып, аяқталмай тұрғанын жеткізді. Сондай-ақ, өздері орналасқан Чернов көшесіндегі 118-ші ғимараттың жағдайын алға тартты.


– Бұл – 1959 жылысалынған бұрынғы балабақша. Ескі әрі тар. Басшылық бұрынғы қан орталығыныңғимаратын ұсынып отыр, бірақ оны жөндеу үшін 800 миллион теңге қажет, – дейді Ринат Сәменов.


Депутат барлық мәселелерді Астанаға барғанда тиісті құзырлы органдарға жеткізетінін айтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив