KZ
Өскемен
+22°
пасмурно жел 3 м/с, В
444.14 477.05 4.85

Зайсанға келісімшарт бойынша шекарашылар қажет

15.11.2018, 03:20 156

ШҚО-ға шекара шебін күзетуге шекара сақшылары қажет. Нақтырақ айтсақ, Зайсан қаласындағы 2017 әскери бөлімі әскери келісімшарт бойынша мемлекеттік шекара күзетіне шекарашы қызметіне дақ түсірмей адал қызмет етуге әзір ер-азаматтарды шақырады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Отан алдындағы борыштарын адал атқаратын сақшы болғысы келетіндер 8 (72340) 27-703, 27-709, 27-785 телефондарына хабарласу қажет.


Әскери қызмет қай кезеңде де зор жауапкершілікті талап етеді. Өйткені елдің қорғаны, қауіпсіздіктің тұтқасы – шекарашылар. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан әскери қызметшілерге түрлі мүмкіндіктер қарастырылған.


Мәселен, әскери қызметшілерді баспанамен қамтамасыз етуге арналған арнайы бағдарлама бар. Бағдарламаны сауатты жүзеге асыру үшін еліміздің Қарулы Күштерінде арнайы тұрғын үй қызметтері ашылып, әскери қызметшілерге осы бағдарламаның талаптары түсіндіріліп, қажетті құжаттар толтырылуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив