KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 2 м/с, З
478.96 533.03 5.22

ШҚО-да шекара әскері қызметіне қабылдау жүріп жатыр

20.05.2019, 04:15 206

ШҚО-да келісімшарт бойынша шекара әскері қызметіне қабылдау жүріп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

ҰҚК Шекара қызметінің 2034 әскери бөлімі тұрақты жалақы мен түрлі әлеуметтік көмектер ұсынуға дайын.
Аталмыш қызметке ҚР Қарулы Күштерінде борышын өтеген кез-келген азамат өтініш бере алады. Бесқарағай, Бородулиха, Шемонаиха аудандары мен Риддер, Алтай және Өскемен қалаларында әскери қызмет атқаруға мүмкіндік бар.

 

Үміткерлерге қойылатын талаптарға келсек, жасы 19-30 аралығында болуы керек. Орта білімі, денсаулық жағдайы жақсы, өзі және жақын туыстары сотталмаған болу шарт. Жоғары, техникалық және арнайы білімі, спорттық разрядтары болса, құба-құп.

 

Өскемен қаласы, Чернов көшесі, 118 (ММС ауданы) мекенжайына барып, өтініш беруге болады. Байланыс телефондары: 29-30-33, 29-30-12.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив