KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 2 м/с, В
480.61 534.53 5.28

Бұқтырма су қоймасында ер адам суға кетті

20.08.2018, 11:49 277

Оқиға Зырян ауданындағы Бұқтырма су қоймасында орын алды. 48 жастағы ер адам кешкі сағат 8 шамасында бір демалыс базасының жағалауынан екіншісіне дейін малтап өтпек болған.  Алайда көздеген жеріне жете алмады.


Құтқарушылар түнгі уақытта іздеу жұмыстарын бастап кетті. Суға баткан ер адамның денесі жағадан 50 шақырым жерде 4 метр тереңдіктен келесі күні таңертең бірақ табылған.


Қазір Бұқтырма су қоймасында 50 жастағы тағы бір ер адамның денесі іздестіріліп жатыр. Ол 11 тамызда резеңке қайықпен жүзіп жүріп, суға кеткен еді. Әзірше іздеу жұмыстары еш нәтиже бермей тұр.


Сондай-ақ, Күршім ауданындағы Қара Ертіс өзенінен 19 жастағы бозбаланың денесін іздеу жұмыстары әлі жалғасуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив