ШҚО-да ер адам суға кетті
Қайғылы оқиға Үржар ауданында Алакөлдің жағалауында болды. 36 жастағы ер адам арнайы жабдықталмаған жағажайда мас күйінде шомылып жүріп, суға кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
ШҚО ТЖД ақпараты бойынша, ер адамның су бетінен ғайып болғанын байқап қалып, құтқарушыларды шақыртқан. Мәйіт жағадан 15 метр жерде 4-5 шақырым тереңдіктен табылып отыр.
Айта кетсек, Бұқтырма және Шүлбі суқоймаларында суға кеткен тағы екі адамның денесі әлі де іздестірілуде.
Оқи отырыңыз