KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 3 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Өскемендегі Есенберлин, Көкжал Барақ және Өтепов көшелеріне төрт балабақша салынады

14.08.2018, 04:53 152

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ернар Мәулетхановтың айтқандарына сүйенер болсақ, алдағы уақытта облыс орталығында балабақшалар саны артады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Мәселен, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында төрт балабақшаның жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу аяқталған.


– Олар І.Есенберлин даңғылы бойындағы 84 айқындамада, Көкжал Барақ, Өтепов көшелерінде және 23 тұрғын ауданында салынатын болады. Қазір ЖСҚ-ды білім басқармасының теңгеріміне беру жұмыстары жүргізілуде. Бұларға қоса Семей қаласының Степной кентінде, Күршім ауданының Жолнұсқау ауылында және Риддер қаласында келешекте салынатын білім саласы нысандарының және студенттерге арналған 6 жатақхананың жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалуда, - дейді басқарма басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив