KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Зайсан көлінде суға кеткен балықшының денесі табылды

1.08.2018, 07:10 108

20 шілде күні Зайсан көлінің Күршім ауданындағы аумағында екі балықшы жоғалып кеткен болатын.


Балықшылардың бірінің жасы 43-те, екіншісі 48 жаста. Іздеу жұмыстары белсенді жүргізіліп, тікұшақ та жұмылдырылған еді. Құтқарушыларға қалың қамыс пен көлдегі ұсақ аралдар көп кедергі келтіріпті.


Кеше жоғалып кеткен ер адамдардың бірінің денесін жергілікті балықшы тауып алды. Екінші балықшының денесі әлі табылмады.


Жыл басынан бері ШҚО-да бес балықшы суға кетіп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив