KZ
Өскемен
-5°
пасмурно жел 1 м/с, С
491.71 529.97 5.05

Шикі кірпіштен қаланған еліміздегі ең биік кесене құлауға жақын

23.07.2018, 05:40 69

Балтабек Байсұлтанұлының зираты Аягөз бен Үржар аудандарының шекарасында орналасқан. 100 жылға жуық күннің көзі мен желдің өтіне төтеп беріп келе жатқан шикі кірпіштен қаланған күмбезді зираттың қабырғасы қазір жарылып, кетеуі кетіп барады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Семіз Найманның Қожан руынан шыққан әйгілі Балтабек батыр, қажы, этнограф, шежіреші еді. Жәдитше де, қадымша да оқыған ол білім іздеп, екі-үш жыл шығыста да болады. 1910-13 жылдар аралығында Мекке, Мәдине,Стамбул, Каир, Бағдат сапарларынан қолжазба жазған. Оның еңбектеріне Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Әлкей Марғұландар ерекше назар аударып,1950 жылдары ел адамдарына хат жазған. 1921 жылы жазда Иванов, Садовский, Грабовский, Брюханов, Қанай Борамбаев дегендердің «Совет өкіметінің жауы, ұлтшыл», - деген ұйғарымымен сотсыз, тергеусіз атылған. Сүйегін ел жігіттері түн ішінде ұрлап алып шығарып, Ай өзені бойына жерлеген көрінеді.


Бір таңқаларлығы, зират-кесене Қазақстандағы шикі кірпіштен қаланған ең биік мемориалдық құрылыс. Кесененің биіктігі 16,1, диаметрі 9,30 метр. Құрылыс тас тұғырдың үстіне салынған. Дәл төбесінде үлкен шыны табақтың орны үңірейіп тұр. Жергілікті жұрттың айтуы бойынша, 70-ші жылдары оны әлдекімдер күміс табақ деген дәмемен атып түсіріпті...


Балтабек Байсұлтанұлы 1860 жылы дүниеге келген, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің осы өңірдегі басшысы. Әбдіғапар хан мен Кейкі батырдың Торғайдан Жетісуға келген елшілерін Балқаш көлінің жағасында қабылдаған адам. Балтабек патша түрмесінен 1917 жылы наурыз айында босап, арада төрт жыл өткеннен кейін 1921 жылы қызылдардың қолынан қаза табады.


Аудан көлеміндегі осынау тарихи жәдігер- кесенеге көмек қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив