KZ
Өскемен
-1°
туман жел 5 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

ШҚО-да биыл көмір бағасының неге қымбаттағаны айтылды

18.07.2018, 10:53 147

Өңір тұрғындары өткен жылғыдай ұзын-сонар кезек мәселесі туындамауы үшін көмірді мамыр айынан сатып ала бастады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


-        Өткен жыл тұрғындар үшін сабақ болды. Биыл олар қысқа ерте бастан қамдана бастады. Өткен жылы осы уақтымен салыстырғанда биыл көмір сатып алушылар екі есе  көп. Мәселен маусым айында  жүк мәшинелері 30 мың тоннаға жуық көмір тиеп әкетті. Жалпы, соңғы 13 жылда шілдеде мұнша көмір сатылмаған,-дейді өңірге көмір жеткізумен айналысатын «ВЭУС» ЖШС кәсіпорынының басшысы Иван Тимофеев.


Кәсіпорын басшысының айтуынша, келісім бойынша «Қаражыра» АҚ қоғамы шілде айында 37 мың тонна көмір босатуы тиіс болатын. Бүгінгі күні оның 18 мың тоннасы жеткізілді.


Кеше облыстың алдағы жылыту маусымына дайындығы облыс әкімінің орынбасары Серік Ақтановтың қатысуымен өткен кеңесте де талқыланды.


-        Өткен жылы шағын қазандықтар мен кәсіпорындар көмірді жаппай күзде сатып ала бастағандығының салдарынан  көмір тиейтін жерлерде оның тапшылығы  байқалып, ұзын-сонар кезек мәселесі туындаған болатын. Биыл бұл мәселенің қайталанбауы үшін оның алдын алу жұмыстар атқарылып жатыр. Әр мекеме мен жылу орталықтарының көмірді кестеге сай сатып алуын қадағалауымыз керек, -деп атап өтті Серік Ақтанов.


Ал қала әкімінің орынбасары Бауыржан Құдияровтың айтуынша, көмір ең алдымен жеке кәсіпкерлік нысандарына емес, әлеуметтік аз қамтылған топтарға босатылуы тиіс.


-        Бір ғана Өскемен қаласында әлеуметтік көмір алушылардың саны 6 мыңнан асып жығылады.Күзде дүрбелең туыдырмай, оларды көмірмен уақытылы қамтамасыз ету үшін күніне кем дегенде 400 тонна көмір босатылуы керек. Өткен айдың соңында «Қаражыра»АҚ меморандумға қол қойылды. Осы 20 күннің ішінде келіп түскен 870 арыздың тек 200-іне көмір жеткізілді. Демек 20 күнде біз күніне 50 тонна ғана көмір алдық,-дейді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары.


СерікАқтанов көмір мен оған кезек мәселесі облыс әкімдігінің ерекше бақылауына алынғандығын атап өтті.


Бір айта кетерлігі,  көмір бағасы өткен жылғымен салыстырғанда біраз өскен. Мәселен сәуір айында көмір бағасы 550 теңгеге қымбаттап 8600 теңгені құрады.


Бүгінгі күні оның бір тонасы 8800 теңге. Көмір бағасының өсімін «ВЭУС» ЖШС басшысы Иван Тимофеев теміржол қызметі бағасының өскемендігімен түсіндіреді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив