KZ
Өскемен
+1°
ясно Штиль
479.23 534.96 5.16

Шығыстың басты қалаларында ауқымды абаттандыру жұмыстары жүргізіледі

28.06.2018, 04:15 127

Өскемен, Семей қалаларында ауқымды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы бізге облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Алма Қайраканова мәлім етті.


Алдағы уақытта облыс орталығындағы Защита, Аблакетка, Жібек маталар комбинаты аудандарында, сондай-ақ Меновное ауылында стрит-воркаут алаңдары бой көтермек. Ал Семей қаласында «Менің алаңым» бағдарламасы жүзеге асырылады. Бұдан бөлек аймақтағы барлық қала мен ауданда «90 мың ағаш» акциясы аясында сүмбіл терек, сібір шырша, бөртегүл, мойыл, шетен ағаштары отырғызылады. Сондай-ақ шегіршін, қараған, бадам бұталары да егілмек.


– Биыл Семейде алты стрит воркаут алаңы салынады. Сонымен қатар Абай алаңы абаттандырылады. Ал Өскемендегі орталық көшелерге аялдама павильондары орнатылады, - дейді Алма Қайраканова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив