KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 6 м/с, ОШ
440.9 475.95 4.82

Семейде ауқымды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде

29.11.2017, 10:12 121

Семей қаласы жеке облыс болмайды. Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті.

– Интернетте жарияланған қысқа хабарламаны соншалықты әсірелеудің қажеті жоқ. Негізі семейлік ақсақалдар аталған өңірді қайта жеке облыс ету туралы өтініш білдірген болатын. Алайда одан ешқандай экономикалық тиімділік болмайды, - деді Даниал Ахметов.

Брифинг барысында облыс әкімі Семей шаһарында жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.

– Елбасының тапсырмасына байланысты Семейде ауқымды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Биыл ондағы 25 шақырым жолға жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Бұдан бөлек, Семей қаласының әуежайын да жөндеуден өткізіп жатырмыз. Облыс орталығының әуежайында ондай жұмыстар атқарылып жатқан жоқ, - деп түйді облыс әкімі.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив