KZ
Өскемен
+4°
туман жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны іске қосылды

26.06.2018, 05:16 219

2018 жылдың 25 маусымында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Серік Ақтановтың және «Полиметалл» АҚ бас директоры Виталий Несистің қатысуымен «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС-нің (Polymetal International тобына кіретін)  салтанатты түрде іске қосу рәсімі өтті. Кәсіпорынның жұмыс істеуінің басталуы Қазақстанның металлургия саласының елеулі даму кезеңі болып табылады және елдің өнеркәсіптік картасында жаңа заманауи алтын өндірісі пайда болды.



«БТКӨК» ЖШС «Қызыл» (Бақыршық және Болшьшевик кен орындары кіреді) ауқымды алтын өндіру жобасын іске асыруда, атылмыш кен орын дүниежүзілік деңгейдегі активтерге жатады: оның қоры орташа мөлшермен бір тоннаға 7,7 грамм алтын келетін 280 тонна алтынмен бағаланады. «Қызыл» кендері алтынды өндірудің күрделі технологиясымен ерекшеленеді. Дәл осы ерекшелерінің себебінен кен орындарды игерудің жарты ғасырдай тарихының ішінде Polymetal-ға дейін ешкім ауқымды асыл металлды өндіре алмаған.


2019 жылы кәсіпорын жобалық қуаттылығына шыққан кезде жылына он тоннадан артық алтынды өндіретін болады. «Алғашқы он жыл ішінде Қызылды ашық тәсілімен өндіреді, кейін жер асты өндіруге көшу жоспарланған (20 жылдан артық)».


Қызыл жобасын іске асыру өңір мен облысының экономикалық және әлеуметтік дамуына жағымды әсер етуде.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив