KZ
Өскемен
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
491.71 529.97 5.05

Жармадағы Бақыршық кен орны алтынның алғашқы тоннасына қол жеткізді

12.09.2018, 09:45 246

Өткен сейсенбіде тек Жарма ауданына ғана емес, бүкіл Шығыс Қазақстан облысы үшін елеулі оқиға болды - «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны»  үстіміздегі жылдың 25 маусымында тау-кен байыту кешенінің салтанатты түрде іске қосылуынан бергі уақыттағы алғашқы тонна алтынды өндіруге қол жеткізді.


Бақыршық кен орны алтын өндірудің өте күрделі технологиясымен сипатталатыны белгілі. Бұл кеніштің жарты ғасырлық тарихында, «Полиметалл» компаниясына дейін ешкім қымбат металды өнеркәсіптік өндіруді ірі көлемде жүргізбеген болатын.


Осы айтулы іс-шараның құрметіне кен-байыту кешенінің цехында «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС-нің барлық бөлімшелері мүшелері қатысуымен митинг өткізілді. Онда «Полиметалл УК» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Виталий Савченко мен Жарма ауданының әкімі Нұрлан Сыдықов құттықтау сөз сөйледі.


- Бақыршық кен орнын игерудің көп жылғы тарихында алғаш рет бағалы металл неғұрлым ірі мөлшерде өндіріліп отыр, бұл Қазақстандағы қоры бай кен орындарын бірінде өнеркәсіп өндірісінің басталғандығын көрсетеді, - деді өз сөзінде аудан әкімі Нұрлан Сыдықов.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив