KZ
Өскемен
-2°
туман жел 1 м/с, СШ
478.96 533.03 5.22

Өскемендегі скейт-парк жыл он екі ай қызмет көрсететін болады

19.06.2018, 11:26 160

Осыдан бірнеше жыл бұрын өскемендік Бекшентаевтар отбасы өмірден өткен ұлдарының құрметіне облыс орталығында Шығыс Қазақстандағы тұңғыш скейт-паркті ашқан болатын. Биыл Астана қаласында Скейтбординг федерациясы құрлып, оның бір филиалы Өскеменде де жұмысын бастады.


Қазір Өскемендегі скейт-парк Қазақстандағы алдыңғы қатарлы скейтбординг нысандарының бірі болып саналады. Қалада скейтбордингпен айналысушылар саны жылдан-жылға артып келеді. Скейтбординг федерациясы облыстық филиалының директоры Ирина Бекшентаева алдағы уақытта өңірде ВМХ, яғни велосипед мотокросын дамытқысы келетінін айтуда.


– Дәл қазіргі мақсатымыз – жерлестерміздің экстремалды спорт түрлерімен жыл он екі ай айналысуларына жағдай жасау. Себебі, бұл спорт түрлері екі жылдан кейін Токиода өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілді. Осы мақсатта жыл сайын ауқымды жарыстар ұйымдастырып келеміз. Оның кезектісі бірер күннен кейін Өскеменде өтпек. Оған еліміздің тоғыз қаласының спортшыларымен қатар, АҚШ-тан арнайы шақыртылған скейбордшы да қатысатын болады, – деді облыс әкімі Даниал Ахметовтің қабылдауында болған И.Бекшентаева.


Оның айтуынша, енді паркте қысы-жазы экстремалды спорт түрлерімен айналысуға жағдай жасау керек. Ол үшін скейт-паркті төбесі жабық нысанға айналдыру қажет.


– Кейде ауа райының күрт бұзылуы салдарынан жарыстарымызды кейінге шегеруге тура келіп жатады. Оған қоса ашық аспан астында құрал-жабдықтарымыз да тез тозады. Саңлақтарымыз ауыз толтырып айтарлықтай нәтижелер көрсетуі үшін аталған спорт түрлерімен жыл бойы үзіліссіз айналысуы шарт. Сол себепті бізге облыс басшлығы тарапынан скейт-парктің төбесін жабу жағынан қолдау көрсетілсе, нұр үстіне нұр болар еді, – деді Ирина Бекшентаева.


Өз кезегінде аймақ басшысы Даниал Ахметов облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можановқа аталған жобаны бүге-шігесіне дейін ойластыру қажет екенін айтып, тиістіп тапсырма берді.


– Скейт-паркте болдым. Маған қатты ұнады. Әлбетте, біз осындай бастамаларды қолға алған сіз сияқты жерлестерімізге қолдау аямайтын боламыз. Өйткені, сіз бұл нысанды өз қаражатыңызға салдыңыз. Соның арқасында бүгінде скейт-паркке жүздеген бал келіп, жаттығып жүр. Аталған жобаны жан-жақты ойластыру қажет. Сізге міндетті түрде қаржылай қолдау көрсететін боламыз, – деді облыс әкімі.


Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы А.Можанов мәлімдегендей, бұл жобаның құны шамамен 30 миллион теңгені құрамақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив