KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 0,9 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Сібе көліндегі жағажай абаттандырылады

13.06.2018, 12:25 116

Сібе көлінде өткен жылы ғана ашылған муниципиалдық жағажайдың бүгінгі жағдайы демалушылардың көңіліне кірбең ұялатқаны бар. Анда-мұнда шашылып жатқан қоқыспен  қираған әткеншектер, қисайған орындықтар кім-кімді де болсын қуантпасы анық.


Демалушылардың наразылығы мен арызынан кейін жағажайды абаттандыру мен қайта қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Облыстық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының бастығы Жасұлан Сәрсебаевтың айтуынша, жағажайды абаттандыруды мойнына алған мердігер компаниямұндағы жұмыстарды маусымның ортасына дейін аяқтауға уәде беріп отыр.


Жағажай аумағытолықтай қалпына келтірілгеннен кейін, демалушыларды көл жағасына жібермей отырғанжеке меншік нысан иелерімен жұмыс басталмақ. Олардың арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, көлдің кіре берісіне демалушылардың құқығы жөнінде ақпарат жазылғанбаннер орнатылатын болады.


-       Су бәріне ортақ. Жағажайға жақын жер учаскелерініңиелері ол маңға демалыс базасын немесе үй салып тастаса да суды жалғызпайдалануға олардың құқығы жоқ. Егер мұндай жағдайлар тіркелсе, бізге қоңыраушалуға болады. Демалушылардың суға түсуіне кедергі келтірген жер иелері әкімшілікжауапқа тартылады, - дейді басқарма басшысы.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив