KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
471.46 504.79 5.53

ШҚО-да Сібе көлінде шомылу маусымы басталды

16.06.2018, 09:40 118

Бүгін желіде біраз сынға ұшыраған Сібе көліндегі отбасылық жағайжай ресми түрде шомылу маусымын ашып, алғашқы демалушыларын ән мен жырдан шашу шашып қарсы алды.


- Биыл мұнда шомылу маусымы әдеттегіден ерте басталды. Оның өзіндік себептері бар. Муниципиалдық жағажайдың шомылу маусымын Астана күніне орай ашу жоспарланған болатын. Алайда тұрғындардың сұрауы бойынша ерте ашуды жөн көрдік. Өткен жылы Сібедегі осы үшінші көлді абаттандыруға "100 нақты кадам" Ұлт жоспарының туризмді дамыту бағдарламасы аясында 79 млн 960 мың теңге бөлінген болатын. "Өскемен еңбек" мердігер компаниясы бұл істі қолға алып, жағажайда отбасылық демалысқа арналған барлық жағдайды жасады. Былтыр муниципалдық жағажайда 20 мыңнан астам облыс тұрғындары демалған еді,-дейді аудан әкімі Нұрымбет Сақтағанов.


Аудан басшысы жуықта желіде талқыланған көл жағасындағы құрылыс материалдарының қалдықтары мен қираған әткеншектерге қатысты да түсінік берді. Әкімнің айтуынша, бұған қатты соққан жел себепкер болған. Алайда көлді абаттандырған мердігер компания кепілдік мерзім бойынша жағажайды аз ғана уақытта қалпына келтірді.


Бүгін, міне, муниципиалдық жағажай осы маусымдағы алғашкы демалушыларын сақадай сай дайындықпен қарсы алуда. Жағажайдағы балаларға арналған алаңда бүлдіршіндер асыр салып ойнап жүр. Мұнда шатырлар тігіліп, ашық аспан астындағы дәмхана да қызмет көрсетуде.


Айта кетерлігі осы аптадан бастап Сібе көліндегі муниципиалдық жағажайға дейін сенбі, жексенбі күндері облыс орталығындағы автобекеттен автобус қатынай бастайды.


[su_slider source="media: 34642,34643,34644,34645,34646,34647,34648,34649,34650,34651,34652,34653,34654"]

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив