KZ
Өскемен
+26°
ясно жел 6 м/с, ОБ
479.05 534.57 5.17

Қазгидромет кеше Астанада аяқ астынан болған дауылдың себептерін айтты

23.05.2018, 06:12 152

Синоптиктер кеше Астанада болған құйынды дауылға неліктен алдын ала болжам жасалмағанына түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Астанада дауыл кезінде тағы бір кран құлады Астанада сәрсенбі күні де күшті жел тұрады Бүгін Шығыс Қазақстанда бұршақ жауып, қатты жел тұрады Қазгидрометтің 21 мамырдағы ауа райы болжамына сәйкес (мүмкіндік 90%), Ақмола облысында, соның ішінде Астана қаласында күндіз жаңбыр, кей жерлерде бұршақ, найзағай болады, жел солтүстік-батыстан 9-14м/с, кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, түнде ауа температурасы 10-15, күндіз 16-24 градус болады деп болжанған. 22 мамыр күні Астана қаласында желдің жылдамдығы секундына 21 метрге жетті, Ақмола облысында 4-13 м/с, кей жерлерде 15-22 м/с болды.


«Астана» метеостансасында жергілікті уақыт бойынша 13:15-тен 13:20-ға дейін бақыланған дауылды жел, бұршақ және нөсер жергілікті сипатта болды. Желдің жылы және суық ауа массаларының бір-бірімен соқтығу себебінен күшейіп, ауа температурасын 30 минут ішінде 25-тен 16 градусқа дейін күрт төмендетті.


Жергілікті құбылыстар қысқа мерзімде және күтпеген жерде аумақтың шектеулі көлемінде күрт пайда болады. Қазгидрометтің қазіргі техникалық жабдықталуы оларды болжауда қиындық туындатты. 2018-2022 жылдары Қазгидрометті жаңғырту аясында заманауи  метеорологиялық радарлар сатып алып, орнату көзделген.


Олар осыған ұқсас жергілікті құбылыстардың пайда болуын 3-6 сағат бұрын болжауға және хабардар етуге мүмкін береді. Қазаэронавигациямен бірлесе отырып, Қазақстанның барлық аумағын 25 радардан тұратын радар желісімен қамту көзделіп отыр.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив