KZ
Өскемен
небольшая облачность жел 2 м/с, Ю
480.63 535.13 5.27

Өскеменде 1 маусымнан бастап суық су мен кәріз қызметі жаңа тарифке көшеді

23.05.2018, 03:24 256

Маусымның бірінен бастап Өскеменде суық су мен кәріз қызметі қымбаттайды, деп хабарлайды Алтайньюс.


«Өскемен-Водоканал» компаниясы жаңа бағалардың кестесін ұсынып отыр.


Естеріңізге сала кетейік 2015 жылы монополияға қарсы күрес ведомствосы «Өскемен-Водаканал» ҚМК тарифтерінің бесжылдық біртіндеп өсу жоспарын бекіткен болатын. 31 мамырда сумен қамтамасыз ету және кәріз қызметтерінің аталған жоспарға сәйкес жұмыс істеу кестесінің үш жылы аяқталады.  1 маусымнан бастап жаңа тариф жүзеге асырыла бастайды.


Жаңа тариф:


Суық су


Текше метріне (есептегіш құралмен) бұрын 61,89 теңге болса, жаңа тарифпен – 69,96 теңге.


Адам басына ай сайын (есептегіш құралсыз) бұрын 470,63 теңге болса, жаңа тарифпен – 531,95 теңге.


Кәріз қызметі


Текше метріне (есептегіш құралмен) бұрын 68,13 теңге болса, жаңа тарифпен – 69,38 теңге.


Адам басына ай сайын (есептегіш құралсыз) бұрын 735,66 теңге болса, жаңа тарифпен – 749,20 теңге.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив