KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Өскемен қаласында суық судың бағасы 1-маусымнан 1430 теңге болады

1.04.2013, 18:00 171


Өскемен қаласында 1-маусымнан бастап суық су мен канализацияның бағасы бір адамға 1430 теңгені құрауы мүмкін. Бұл туралы «Өскемен-Водоканал» кәсіпорнының директоры Ержан Әубәкіров мәлімдеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Басшысының сөзіне қарағанда, кәсіпорынның қазіргі тарифтерінің мерзімі 31-мамырда аяқталады.Осыған орай «Өскемен-Водоканал» кәсіпорны ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің ШҚО бойынша департаментіне үстіміздегі жылдың 1-маусымынан 2015 жылдың 31-мамырына дейін жарамды болатын тарифтердің шекті деңгейін бекіту жөнінде өтініш білдірген.

Берілген өтініште суық су мен канализацияның бағасын бір адамға 1430 теңгеге дейін көтеру сұралған.
Бұл баға пәтерлерінде есептеу құралдары жоқ тұрғындар үшін қарастырылған. Ал барлық тұтынушылардың тек 35 пайызы ғана осындай құрылғыларды орнатқанын ескерсек, судың қымбаттауы көп адамның бюджетіне кері әсер етері сөзсіз.

Ержан Әубәкіров бағаның көтеру жөніндегі ұсыныстарын кәсіпорын шығарған шығындарының орнын жаба алмайтындығымен түсіндіреді. Жаңа баға электр энергиясының, шикізаттардың, жағармайдың қымбаттауынан келіп туған.

Жаңа тарифтің бекітілу-бекітілмеуі 23-сәуірден кейін белгілі болады.

Айна Ескенқызы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив