KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Бағаны өсірмесек, қарызға батуымыз мүмкін.

19.10.2017, 11:37 109

Қараша айының 1-інен бастап жылу бағасы 7,5 пайызға қымбаттайды. Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Николай Ушаков, ТҮКШ бөлімінің басшысы Марат Аленов, «Жылкоммунэнерго» МКМ-нің жетекшісі Нұржан Зейнуллиндер аранйы ұйымдастырған баспасөз мәслихатында мәлімдеді.


- Жылу бағасының көтерілу себебін айтсақ, «Жылукоммунэнерго» кәсіпорнын шығынға батырмауымыз қажет болп тұр,-деді қала әкімінің орынбасары Николай Ушаков, - жаңа тарифке сәйкес, жылудың бір гигакалориясы орташа есеппен алғанда 4659 теңге болады. Заңды тұлғалар жылуға ай сайын 6680 теңге төлесе, қарапайым тұрғындар үшін тариф бағасы 3523 теңге шамасында. Бұл Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеттің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2020 жылға дейінгі ұзақ мерзімді тариф аясында жасалған жоспарлы қадамы. Жаңа тариф табиғи монополияларды реттеу агенттігімен келісілді. Қазіргі таңда жылу беру мекемесі тарифтен бөлек республикалық бюджеттен де қосымша қаржыландырылып отырғаны рас. Кәсіпорынды жақында ғана оңалтудан өткізген едік. Жылудың бағасын биыл қараша айының 1-інен бастап өсірмесек, қарызы көбейіп кетері анық.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив