KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Өскеменде мас жүргізуші бірден екі жол-көлік оқиғасына себепкер болды

15.05.2018, 04:03 137

Өскемен қалалық ІІБ-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 13 мамыр күні таңғы сағата 08:30 кезінде 27 жастағы қала тұрғыны «Тойота Камри» маркалы автокөлігімен Меновное кенті жағынан шығып, Жібек Жолы көшесінің бойымен Сәтпаев даңғылына қарай  келе жатқан.


Алдындағы көлікті басып озуға талпынған ер адам қарама-қарсы бағыттағы ВАЗ-11183 маркалы автокөлігімен соқтығысады. Қатты соққының салдарынан машина кері бұрылып кетіп, “Камри”  жүргізушісі сол жақ бағыттағы «Тойота Сюрф» маркалы автокөлігіне тағы соғылады.


Құқыққорғау органдарының қызметкерлері екі бірдей жол-көлік оқиғасына себепкер болған ер адамның көлік құралын жүргізуге құқығы жоқ екенін және орташа деңгейде мас болғанын анықтап отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив