KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

ШҚО әкімі 100-ге толған соғыс ардагерінің иығына шапан жапты

4.05.2018, 12:19 170

ШығысҚазақстанның Екінші дүниежүзілік соғысы ардагерлеріне жарты миллион теңге тарту етілді. Бүгінгі таңда облыста 240 майдангер тұрады. Ұлы Жеңіс мейрамы қарсаңында облыс әкімі Даниал Ахметов Өскемен қаласындағы төрт ардагердіүйлеріне жеке өзі барып құттықтады. 


Қабатай Қалдыбаев балалары мен немерелерінің ортасындаҰлы Жеңістің 73-ші көктемін қарсы алуда. Ертең ақсақал тура 100 жасқа толады.Ол 1918 жылы Ұлан ауданында дүниеге келген. Соғыс басталған кезде әскер қатарында борышын атқарып жүрген еді. 1942 жылдан бастап Қара және Азов теңіздері жағалауларын қорғау ісіне қатысып, Солтүстік Кавказ майданында шайқаста болады. «ІІ дәрежелі Отан соғысы» орденімен марапатталған. Соғыстан кейін зейнеткерлікке шыққанға дейін Белогор тау-кен байыту комбинатында өртсөндіруші болып қызмет етті. Даниал Ахметов майдангерді 100 жылдық мерейтойымен құттықтап, ашық аспан, бейбіт өмір үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, ақсақалға 500 мың теңгенің сертификаты мен теледидар тарту етіп, иығыңа шапан жапты.


– Әр ардагер мен тыл еңбеккері – халқымыздың қазынасы, ұлттық мақтанышы, – деп атап өтті облыс әкімі. – Ұрпақ болашағы жолында танытқан қайсарлықтарыңыз үшін алғысымыз шексіз. Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, мол бақыт тілеймін!


500 мың теңгенің сертификатын және тұрмыстық техникалаларды облыс әкімі сондай-ақ, Мария Шарифовна Яремчукке, ГеоргийВасильевич Коваленкоға және Степан Егорович Мишинге табыс етті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив