KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 2 м/с, Ю
479.05 534.57 5.17

Балалар ауылында Наурыз мерекесі тойланды

22.04.2018, 09:26 218

Облыс орталығының іргесіндегі Ақмер кентінде орналасқан Балалар ауылында Самарқанның көк тасы еріп, тіршілік атаулыға жылулық әкелген Наурыз мерекесі кең ауқымда тойланды. Ақшаңқай киіз үйлер, қаз қатар тізілген, мұржасынан түтін будақтаған самауырлар мен қазан маңында жүрген оюлы камзол киген келіншектер осы жақта бір тойдың боларын білдіргендей...


Балалар мен облыстық драма театры қазақ труппасы артистерінің қатысуымен өткен «Армысың, әз Наурыз!» концерттік бағдарламасы жиналған қонақтарға қуанышты көңіл-күй сыйлады.



Халықаралық, республикалық конкурстардың жеңімпазы «Мұрагер» ұлттық аспаптар оркестрінің орындауындағы «Желдірме» күйі, мың бұралған бишілердің «Шабыт», «Келіншек» билері, Наурыз әні шуақты күні көңілдерді жадырата түсті.


 



Көктем қыз Ұлыстың ұлы күні келгенінен хабар берсе, Қыдыр ата елімізге тыныштық пен жақсылығын тілеп, ақ батасын берді. Бұдан кейін тәрбиеленушілерге қазақтың атақты үш биі – Айтеке, Қазыбек пен Төле билер қонаққа келіп, жас жеткіншектерге жаман менен жақсылық туралы өсиеттерін айтып берді.



-«Балалар ауылы» мекемесі облыстық драма театрының ұжымымен рухани байланыс жасауды дәстүрге айналдырып отыр, - деді құттықтау сөзінде «Балалар ауылы» мекемесінің директоры Аман Асқарұлы. - Бүгінгі тамашалаған концерт осы екі ұжымның ешқандай репетициясыз, бірден сахналаған бағдарламасы. Біз театр актерлеріне өскелең ұрпақты рухани сусындатып жатқандары үшін алғысымызды айтқымыз келеді. Оқушыларымыз жыл басынан бері он төрт спектакльді тегін тамашалады.

Ұлы мереке күні үздік білімі мен спорттағы жетістіктерімен көзге түсіп жүрген оқушылар да назардан тыс қалмады. «Малахит», «Дарын» конкурстарының жеңімпаздары мен дзюдодан жүлделі орын алған жас спортшылар грамоталармен марапатталды.


Концерттен кейін балалар гір көтеру, канат тарту, қол күрестіру сияқты спорттық ойындарға қатысып, күштерін сынап көрді.


[su_slider source="media: 29387,29388,29389,29390,29391,29392,29393,29394,29395,29396,29384,29385"]

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив