Ұлттық ұлан жауынгері Гималайды бағындырмақ
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Өскемен қаласындағы №5518 әскери бөліміне Алматы қаласынан шақыртылған қатардағы жауынгер Дмитрий Казанцев альпинизммен айналысады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бүгінде әуесқой альпиниске айналған ол тауға өрмелеуді студенттік шағынан Алатау сілемдерінен бастаған. Мерзімді әскери қызметші бүгінде еліміздің ең биік нүктесі Хан Тәңірі шыңын бағындырып үлгерген. Құзар шыңға өрмелеуге әуес сарбаз үшін жауынгерлік қызмет қиындыққа соқпапты.
Ұлттық ұлан сапында Өскемен қаласының қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген жауынгер таяуда келісімшарт бойынша әскери қызметке тұрды. Ұландық №5518 әскери бөлімінде тыл қызметінің іс жүргізуші маманы.