KZ
Өскемен
-2°
туман Штиль
478.96 533.03 5.22

Зырян ауданында су тасқынынан қираған үйлердің жөндеу жұмыстарын бастау жоспарлануда

18.04.2018, 07:18 147

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов бүгін жұмыс сапарымен Зырян ауданына келді. Түс кезінде су тасқынынан зардап шеккен ауыл тұрғындарының баспаналарын жөндеу туралы құрылысшылармен жиналыс өтті.


Зырян ауданының әкімі Нұржан Тоқсеитовтың айтуынша, облыс басшысының қолдауы арқасында тұрғын үйлерді жөндеуді дереу бастауға мүмкіндік туды.


[su_slider source="media: 28895,28896,28898,28897,28901,28900,28899,28894,28902"]


-Аудандағы жағдай Даниал Кенжетайұлының бақылауында, - деп атап өтті Нұржан Тоқсеитов. - Бүгін әкім осында, үйлерді қалпына келтіру туралы мәселені шешеді. Ақша «Парыз» қорынан, облыс әкімінің резервінен бөлінеді.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мұрат Мұсатаев зыряндықтармен кездесіп, облыс басшысының тапсырмасына сәйкес ешкім көмексіз қалмайтындығын айтты.


- Облыс әкімі Даниал Ахметов пен аудан басшылығы бізге үлкен көмек көрсетуде, - дейді Зырян қаласының тұрғыны Оксана Куприкова. - Су тасқынынан зардап шеккендер үшін Whatsapp-та топ құрылды, онда біз  барлық сұрақтарымыз бен өтініштерімізді жазамыз, олар дереу жауап береді. Бізге көмір, цемент әкеліп, гуманитарлық көмек көрсетілді. Қолдаулары үшін өте ризамын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив