Көкпекті ауданында жер сілкінді
Қазақ ұлттық деректер орталығының мәліметі бойынша, кеше Алматы уақыты бойынша сағат таңғы сегіз кезінде жер сілкінді. Нақты уақыты: 08:05:04.
Жедел оқиғалар бюллетенінде көрсетілгендей, жер сілкінісі Көкпекті ауданының Малороссийка ауылына жақын маңда орын алған екен.
«ҚР БҒМ ҒК Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы» ММ хабарлауынша, жер сілкінісінің кіндігі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 786 шақырым жерде, Шығыс Қазақстан облысы аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты 8.9. Магнитудасы MPV 4.1. Эпицентрдің координаты 48.95° с.е. 82.82° ш.б. Тереңдігі 10 шақырым.
Оқи отырыңыз