KZ
Өскемен
+12°
пасмурно Штиль
439.43 473.31 4.82

Күршім ауданында кәсіби мамандар қабылдау өткізді

12.04.2018, 04:31 134

9-11 сәуір аралығында Күршім ауданында ШҚО Білім басқармасының «Зырян қаласындағы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» КММ меңгерушісі Зайра Джамбулова бастаған арнайы мамандар тобы  қабылдау жүргізді. Келесі кезекте бұл ауданаралық комиссия жұмыс сапарын Катонқарағай, Көкпекті мен Зырян аудандарында жалғастырмақ.  


Алғашқы күні Күршім ауылында басталған топ жұмысы 10-сәуір күні Қалжыр ауылында жалғасып, соңғы үшінші күні қайта аудан орталығында балаларды қабылдауды жалғастырды. Аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінде логопед Зайра Джамбуловамен қатар невропатолог Олеся Мирошникова, дефектолог Елена Васильевна Шматова, психолог Елена Искандарова, әлеуметтік педагог Гүлжан Тымбаева күршімдік балаларды қабылдады.


Үш күн ішінде Күршім бойынша 77, Марқа өңірі бойынша 40 бала қабылданып, олардың ішінен бұған дейін аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінде дәріс алған бірнеше бала тізімнен шығарылып, жалпыға бірдей оқу бағдарламасына көшірілген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив