Шығыс Қазақстанда бір күнде 10-15 өрт болады
Шығыс Қазақстанда күніне шамамен 10-15 өрт сөндіру оқиғасы тіркеледі. Жағдайды тұрақтандыру және тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру үшін ТЖД, Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары мен еріктілер саяжайларда профилактикалық рейд ұйымдастырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Тұрғындарға аумақтарда қауіпсіздікті қалай қамтамасыз ету керектігі және ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінде көзделген құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік туралы түсіндірілді.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір жағдайды бақылау үшін дрон пайдаланылады. Ол 200 метрге дейінгі биіктіктегі өртті жылдам анықтап, тіпті өрт қауіпсіздігі ережелері бұзылған аумақты бақылай алады. Рейд нәтижесінде өрт қаупіне жол берген тұрғын қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті еске салады:
- өрт қаупі бар кезеңде елді мекендердің, ұйымдардың, саяжайлардың аумақтары жанғыш қалдықтар, қоқыс, құрғақ шөптерден тазартылуы тиіс;
- От жағу, қалдықтарды жағу ғимараттардан кемінде 50 метр қашықтықта, бақылауда және тыныш ауа-райында, өрт сөндіру құралдарының болуымен жүзеге асырылады.